09:06 22 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12302 0 0

Қырық бір жастағы аудан әкімі 27 шілде күні таңертең өмірден өтті, марқұмның артында төрт баласы қалды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында пневмониядан көз жұмды.

"Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды", - деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Оның артында жары мен төрт баласы қалды.

Талғар аудандық әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Жолан Ыбырайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын Алматы облысы Ұзынағаш ауылында "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында, Алматы облыстық туризм басқармасында жұмыс істеді.  Алматы облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.

2017-2019 жылдар аралығында Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болды.

2019 жылдың қыркүйегінен Талғар ауданының әкімі қызметін атқарды.

Кілт сөздер:
коронавирус, әкім
Загрузка...

Басты тақырып