03:26 24 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (859)
2125 0 0

Есмағамбетованың айтуынша, әртүрлі көрсеткіштерге негізделген  карантин шараларын жеңілдетудің үш кезеңі бар

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантинді күшейту талаптары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитардың түсіндіруінше, төтенше жағдай кезінде нақты бір көрсеткіш есепке алынған. Ол – күн сайын тіркелген науқастардың саны. Сол кезде бір аптаның ішінде көрсеткіш 7 проценттен артық болса, қатаң шектеу шаралары енгізілген. Ал 2 процентке дейін түскенде жеңіл карантин қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт өскендіктен, мамыр айында тағы екі жаңа көрсеткіш енгізілген болатын.

"Оның біріншісі – R0 көрсеткіші. Ол бір науқастан қанша адамның инфекция жұқтырғанын көрсетеді. Екіншісі – ауруханадағы төсек орындарының бос болмауына байланысты", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуына қарағанда, карантиннің негізгі мақсаты – инфекцияның таралу тізбегін тоқтату болып табылады. Сондай-ақ, науқастардың саны күрт өспеуі тиіс. Сонда денсаулық сақтау жүйесіне көп салмақ түспейді және кез келген адам ем-дом ала алады.

Бүгінде карантин шараларын жеңілдетудің үш кезеңі бар. Әрбір кезеңнің көрсеткіштері әр түрлі. Мәселен, ауруханадағы төсек орындарының 50 проценті, 70 проценті және 90 проценті бос болмаса, тиісті шектеу шаралары енгізіледі.

"Төтенше жағдай кезінде R0 көрсеткіші 1,2 болған, ал төсек орындарының 90 проценті бос болмады. Осы көрсеткіштер жақсарса, карантин жеңілдетіледі. Әрине, жағдай нашарлап кетсе, карантинді күшейту шаралары қарастырылатын болады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір облыста карантин күшейтілді

Осы орайда бас санитар карантинді күшейту немесе жеңілдету шаралары адамдардың санитарлық ережені сақтауына тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (859)

Тақырып бойынша

Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме?
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Карантин режимін бұзғандар үшін қандай жаза қарастырылған - министр жауабы
Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин туралы қаулы жаңартылды: не өзгерді?
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, карантин
Загрузка...

Басты тақырып