Қоғам

Еңбек министрлігі қанша қазақстандыққа 42 500 теңге түскенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілде айына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға бір миллион жеті жүз отыз мың азамат өтініш берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем 1 миллион 309 мың адамға тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 миллион 730 мың өтініш қабылданды. Төлем 1 миллион 309 мың адамға тағайындалды. Ақша 1 миллион 122 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:

  • 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 378 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Тағы оқыңыз: Министрлік шілде айының соңына дейін кімдердің шотына 5500 теңге түсетінін айтты

Азаматтар санаты бойынша:

  • 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түсті;
  • 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 854,4 мың өтініш басқа санаттардағы азаматтардан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Еске сала кетсек, әлеуметтік төлем шілде айына табысынан айырылған азаматтарға төленеді.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0