Қоғам

Стационарда неге видео түсіруге болмайды – министрдің түсініктемесі

© Sputnik / Медиабанкке өтуАкция в Тбилиси против назначения премьер-министром Г. Гахарии
Акция в Тбилиси против назначения премьер-министром Г. Гахарии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі бұл этикадан туындайтын мәселе екендігін ескертеді. Сол себепті науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында стационарда бейнетүсірілім жасауға тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бас санитардың стационарда ұялы телефонмен видео түсіруге тыйым салу туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, медициналық стационарларға телефонды алып кіруге болады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ. Бірақ бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша телефонның камерасы арқылы бейнетүсірілім жасауға тыйым салынған", – деді Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ондай шешім алдымен пациенттердің жеке құқықтарын қорғауды көздейді. Себебі, стационарда көп жағдайда науқастардан рұқсат сұрамай, ұялы телефонға түсіріп жатады.

"Біреулер киімсіз жатады. Енді біреулер ем-дом алғанын ешкім білмесе екен дейді. Сондай-ақ, кейбіреулері дәрменсіз халде жатады. Ондайда рұқсат берудің өзі қиын. Бұның бәрі – этикадан туындайтын мәселелер. Сол себепті науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында стационарда бейнетүсірілім жасауға тыйым салынды", – деп атап көрсетті Цой.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауды шулатқан видео авторларының басы бәлеге қалды

Жаңалықтар
0