Қоғам

Кембридж түлегі сауда және интеграция вице-министрі болды

© Photo : Пресс-служба премьер-министраВице-министр торговли и интеграции Казахстана Асель Жанасова
Вице-министр торговли и интеграции Казахстана Асель Жанасова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
33 жастағы Әсел Жанасова бұған дейін "Астана" қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Үкімет қаулысымен Әсел Жанасова Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  

Оқи отырыңыз: Цифрлық даму министрлігіне уақытша басшы тағайындалды 

Әсел Жанасованың өмірбаяны

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. 2010 жылы Қазақстан президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген.   

2010-2014 жылдар аралығында Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті.  

2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық банкінің "Банктік сервис бюросы" РМК директорының кеңесшісі, Ұлттық банк цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.  

2016-2017 жылдары — "Зерде" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 жылдары —  "Астана" Халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0