05:00 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
82801

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі ведомствоны уақытша басқарады

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Мусин үкімет қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол министр қызметін уақытша атқаратын болады.   

Жаңа басшыны ұжымға таныстыру кезінде Асқар Мамин мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын, денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап айтты.

Сонымен қатар "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет екені айтылды.

Оқи отырыңыз: Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды

Айта кетейік, Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін Мусин президенттің кеңесшісі қызметін атқарды, 20 шілдеде мемлекет басшысының жарлығымен цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, президент 20 шілдеде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қызметінен босатты. Ол бұл қызметті 2019 жылдың маусымынан бері атқарды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновті қызметінен алды.

Тақырып бойынша

Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты
"СК-Фармацияға" жаңа басшы тағайындалды
Тоқаев тағы бір кеңесшісін қызметінен босатты
Кілт сөздер:
Бағдат Мусин
Загрузка...

Басты тақырып