19:12 05 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.45
  • EUR504.64
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10942 0 0

Бұған дейін президент бірқатар министр мен әкімге сөгіс жариялаған еді, оның ішінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевқа да ескерту жасады

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін президент бірқатар министр мен әкімге сөгіс жариялады. Оның ішінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевқа да ескерту жасады.

Оқи отырыңыз: Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды 

Сондай-ақ, 20 шілдеде мемлекет басшысы өзінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновті қызметінен босатты.

Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы дүниеге келген.

Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Одан кейін "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша қазақ ұлттық техникалық университетінде оқыды. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолын 1996 жылы "Жарық" ЖШС бас директоры қызметінен бастады.

Әр жылдары "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығының" басқарма басшысы, "Қазақтелеком"АҚ-ның президенті, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып еңбек етті.

2019 жылдың 18 маусымында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

"СК-Фармация" басшылығы қазақстандықтардан кешірім сұрады
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Ақпарат министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты
Кілт сөздер:
министр, Асқар Жұмағалиев
Загрузка...

Басты тақырып