Қоғам

Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневОлжас Худайбергенов
Олжас Худайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олжас Құдайбергенов президент штаттан тыс кеңесшісі болуды өткен жылдың желтоқсанында ұсынғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен неге босатылғанын айтты.

Құдайбергенов президент штаттан тыс кеңесшісі болуды өткен жылдың желтоқсанында ұсынғанын атап өтті.

"Бүгін таңертең президент атынан хабарласып, менің жұмысым үшін алғыс білдіріп, бүгіннен бастап ротация жасалатынын айтты. Енді мен президенттің штаттан тыс кеңесшісі емеспін", - деп жазды Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында.

Ол бұл еңбек келісімшартынсыз, еңбекақы төленбейтін қызмет болғанын атап өтті. 

"Мен көптеген пікірімді президенттің кеңесшісі емес, өзімнің жеке атымнан жариялауды сұрайтынмын. Өйткені бұл мәртебе менің өткір пікірлеріме саяси көзқарас тудырды. Маған шенеуніктерге қойылатын талап қойылды. Менде оларда бар құзырет пен мүмкіндік болған жоқ", - деді Құдайбергенов. 

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатылғаны хабарланды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновке экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтқанын жеткізді.

Жаңалықтар
0