Қоғам

Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты

© Sputnik / Абзал КалиевФлаг над Акордой приспущен в день национального траура
Флаг над Акордой приспущен в день национального траура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", – деді Уәли.

Олжас Құдайбергенов туралы не білеміз?

Экономист Олжас Құдайбергенов 37 жасында Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.

Ол осы кезге дейін CSI консалтингтік компаниясының аға серіктесі атанған. 2014 жылы Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі болған.

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанның басында экономист Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Содан бері маман сан алуан өзекті мәселелер бойынша өз ойын ашық айтып келеді. Мәселен, үкіметтің зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ұсынысына қарсы болып, Тоқаевтың тапсырмасы орындалмады деп мәлімдеген. Одан кейін прогрессивті шкаланы, сондай-ақ, Армян көліктерінің мән-жайын түсіндірген болатын.

Ал соңғы жазбасында коронавирус жұқтырған науқастарды есептеп, олардың жалпы саны 2 миллионға жуық екенін айтты.

Жаңалықтар
0