Қоғам

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны үш күнде 121 адамға артты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық министрі Алексей Цой үш күн бұрын коронавирустан 464 науқастың қайтыс болғанын жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 585 адамға жетті, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеге дейін республика бойынша  коронавирус жұқтырған 71 838 адам тіркелген. Олардың 36 069-ы – симптомсыз науқастар. Бір аптаның ішінде науқастардың күнделікті өсімі 2,6 процентті құрады. Осы уақытқа дейін 43 401 науқас жазылып шықты.

"20 шілде бойынша ауру белгілері бар 27 852 науқас ем-дом алып жатыр. 585 адам қайтыс болды. 1 791 293 тест жасалды", – делінген ресми хабарламада.

Науқастардың саны бойынша Атырау облысы бірінші орында тұр. Ол жерде пандемия басталғалы бері 9 187 жағдай тіркелген. Одан кейінгі тізімде Алматы (9 143) мен Нұр-Сұлтан (8 371) қаласы орналасқан.

Айта кетейік, 17 шілде күні денсаулық министрі Алексей Цой коронавирустан 464 науқастың қайтыс болғанын жариялаған.

1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктіріледі. Себебі, КВИ-ге ұқсас пневмониялар көбейіп кеткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың кеңесшісі 2 миллионға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты

Биыл 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында пневмонияның 234 187 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,3 есеге өсіп отыр. Жыл басынан бері пневмониядан 3 327 адам қайтыс болған.

Жаңалықтар
0