Қоғам

Бас санитар дәрігер ауруханаларда неге тыйым салынатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есмағамбетова ауруханадағы видеолар "медицина қызметкерлеріне қысым жасау құралы ретінде" қолданылатынын айтты

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Стационарлардағы науқастар ұялы телефон пайдалана алады, бірақ фото, видео түсіруге және аудио жазуғ болмайды. Бұл жайында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Оралда емделушілердің телефондарын алып қойып жатқанына алаңдаушылық танытты. Депутат әлеуметтік желіде "мұндай тыйымның заңдылығының басын ашып алу қажет" деп жазды.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова стационарда ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбағанын, алайда фото және видеоға түсіруге болмайтынын айтты. Дәрігер заңның қай бабын басшылыққа алғанын нақтылаған жоқ.

"Науқастарға ұялы телефон қолдануға тыйым салынған жоқ. Бірақ ауруханада аудио\фото және видео түсірілімге тыйым салынған. Пандемия кезінде стационар ішінен науқастар түсірілген түрлі видео тарап жатыр. Өкінішке қарай, ол видео түсірілімге рұқсат беруге шамасы келмейтін науқастардың рұқсатынсыз жүргізіледі. Осылайша әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы бұзылады", - деп жазды Есмағамбетова.

Видеолар "медицина қызметкерлеріне қысым жасауқұралы ретінде" қолданылады, деп толықтырды ол.

"Бекітілген хаттамаға сәйкес емделумен келіспейтін науқастар процедураны видеоға түсіру арқылы дәрігерлер мен медбикелерге қысым жасайды", - деп мәлімдеді санитар дәрігер.

Айтуынша, аудио, фото, видео түсірілімге тыйым салу науқастардың туыстарымен және жақындарымен байланыс жасау мүмкіндігіне еш әсер етпейді.

Бас санитар дәрігер қаулысында "лас" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлерге телефон, сағат, қолға тағатын әшекейлер қолдануға тыйым салды. Бұл заттар COVID-19-дың одан әрі таралуына себеп болуы мүмкін.

 

Жаңалықтар
0