23:19 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (867)
1976 0 0

Санитар дәрігердің қаулысында аудандық әкімдіктер арнайы белгілеген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу туралы жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі кезінде арнайы белгіленген орындарда мал союға тыйым салынды.

Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған.

"Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері арнайы белгілеген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары карантин уақытында, соның ішінде мереке күндері жұмыс істемейді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынды – жаңа қаулы шықты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.

Сайт арқылы қазақстандықтар ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады.

Қасиетті Құрбан айт мейрамы үш күнге жалғасады, мерекенің алғашқы күні Қазақстанда демалыс саналады. Биыл ол жұма, 31 шілдеге түсіп тұр.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 31 шілде, 1 және 2 тамыз, яғни қатарынан үш күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде 31 шілде – демалыс, 1 тамыз – жұмыс күні, ал 2 тамыз қайта демалыс болады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (867)

Тақырып бойынша

Карантин ұзартылса, Құрбан айт қалай өтеді?
Құрбан айтта 424 миллион теңгенің еті таратылды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, құрбан айт
Загрузка...

Басты тақырып