06:35 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
759 0 0

Дәрігерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды сөндірген, олардың барлығы марапатқа ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Алматыда №1 перзентхананың балалар жансақтау бөлімінен өрт шықты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға сенбі, 18 шілдеде сағат 21.47-де Сейфуллин даңғылы, 492 мекенжайында орналасқан перзентханада болды.

Анықталғандай, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдырту аппараты қосылған розетка жана бастаған. Осыдан кейін өрт дабылы іске қосылды.

"Сол түні кезекшілік атқарған ауысым уақыт жоғалтпай, байбаламсыз іс-қимылға көшті. Акушер-гинеколог Перизат Садықова, балалар медбикасы Арайлым Жиделиева және басқа медицина қызметкерлері жансақтау бөлімінде жатқан сегіз сәбиді қауіпсіз аймаққа эвакуациялады", - деп мәлімдеді ТЖД-дан.

Дәрігерлердің бірі Виталий Грушевский ұнтақты өрт сөндіргіштің көмегімен электр сымдарының өртенуіне жол бермеді.

"Персонал меңгерген дағдылар өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтауға мүмкіндік берді", - деді ведомстводан.

Алматы ТЖД перзентхана басшылығы мен дәрігерлерге қырағылығы және кәсібилігі үшін алғыс айтты.

Өртті сөндіруге қатысқандардың барлығы марапатқа ұсынылады.

Кілт сөздер:
видео, өрт, перзентхана, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып