18:38 05 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.45
  • EUR504.64
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2134)
994010

Профессор билік қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды.

Бұл туралы Локшин Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында айтты.

"Абырой болғанда, індетке шалдыққандардың 70 процентінде ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына науқастардың 30, 20, тіпті 10 пайызының өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шара. Менің ойымша, оны жыл соңына дейін ұзарту қажет. Стадиондардың көбін төсек-орынмен жабдықтауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Біздің осыншама дәрігеріміз, қаржылық мүмкіндігіміз жоқ... Пандемиямен тек карантиннің көмегімен күресуге болады", - деп мәлімдеді профессор.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты

Ол үкіметтің қазіргі жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Айтуынша, үкімет тарапынан айқын, түсінікті іс-қимыл байқалып отырған жоқ.

"Ауру жұқтырғандардың өсуіне денсаулық сақтау министрлігін неге кінәлайтынын дәрігер ретінде түсінбеймін. Министрлік індеттің таралуын қалай тоқтата алады? Бұл мүлдем басқа ведомстволардың міндеті", - дейді Локшин.  

Ол карантиннің мәні ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет, деп санайды ол.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2134)

Тақырып бойынша

Карантинге қарамастан тыйылмай тұр: президент той-томалақ туралы айтты
"Ешқандай қисынға сай келмейді": Тоқаев үкіметке бірнеше тапсырма берді
Тоқаев "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырды
Қазақстанда тағы 1636 адам коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып