Өңірлер

"Үстемақыдан ақша алған": желідегі видеодан кейін аурухана басшылығы тергеуге алынды

© Sputnik / Абзал КалиевМедики готовятся принять пациентов для анализа на коронавирус
Медики готовятся принять пациентов для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуалы ауданындағы орталық аурухананың қызметкері әлеуметтік желі арқылы президентке бейнеүндеу жолдап, басшылықтың заңсыз әрекетін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Жуалы ауданындағы орталық аурухананың басшылығы тергеуге алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аға тергеушісі Кайсар Баржақсыновтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары медицина қызметкерлерінің шағымынан кейін басталды.

"Тергеу коронавирус пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін бұған дейін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан ақша иемдену фактісі бойынша жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деді Баржақсынов онлайн брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталық ауруханасында 25 жылдан бері істейтін рентген-лаборант Фарида Жанбатырованың видеосы тараған болатын. Ол президентке бейнеүндеу жолдап, басшылықтың заңсыз әрекетін жариялады.

"Сәуір айында айлығымызға қосымша 160 мың теңге түскен. Оған көп рақметімді айтамын. Енді, біздің емхананың басшылары осы 160 мың теңгенің 39 мың теңгесін қайтаруды талап етті. "Неге?" деп сұрақ қойғанымда жоғарыда басшылардың талап етуі, соларға қайтарып береміз деп, бүкіл емханада постта отырған қызметкерлердің бәрінен ақшаны жинап алды. Мен де 39 мың теңгені өз қолыммен кассирге апарып беруге мәжбүр болдым", – деді Жанбатырова.

Оқи отырыңыз: "Қызыл түсті ұнтақ" сеуіп жүрген ұшақтарға қатысты шындық жария етілді – видео

Оның айтуынша, мамыр айында коронавируспен күрес шаралары аясында жалақымен қоса 200 мың теңгенің үстемақысы түсті. Осыдан кейін бас дәрігердің орынбасары қызметкерлерді кабинетке жинап алды да, 200 мыңнан 150 мың теңгені қайтарып беруді талап етті. Фарида Жанбатырова ол ақшаны бермей қойды. Сол үшін басқа жерге ауыстырылды.

Жаңалықтар
0