Қоғам

Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті жеке тұлғаларға жалған есепшоттар беретін коммерциялық ұйымдарды тіркеу арқылы ірі бизнес нысандарына салықтан жалтаруға жағдай жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі салықтық бақылау бөлімінің басшысын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Полицейлер парамен ұсталды – видео 

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жеке тұлғаларға жалған есепшоттар беретін коммерциялық ұйымдарды тіркеу арқылы ірі бизнес нысандарына салықтан жалтаруға жағдай жасаған. Сөйтіп, кәсіпкерлерден үш жыл бойы ақша алып отырған.

"Ол 2017 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың сәуірі аралығында аталған тұлғалардан жалған мәмілелер сомасының 5-7 проценті көлемінде ақшалай қаражат алып отырған. Соның салдарынан мемлекетке 116,3 миллион теңге көлемінде салықтан жалтару түрінде материалдық шығын келген", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.

Агенттік қызметкерлері бөлім басшысын ұстау операциясының видеосын жариялады.

 

Жаңалықтар
0