Қоғам

Қазақстандықтар бүгін түстен кейін 42 500 теңгеге өтініш бере алады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКол-орталық
Кол-орталық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтініш қабылдау сервистері қашан іске қосылатынын нақтылады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. 42 500 теңгеге өтініш беруге арналған порталдар мен telegram-боттар жұма күні түстен кейін іске қосылады. Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Өтініш беру арналары:

  • электронды үкімет веб-порталы – egov.kz;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-боттар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары мен мобильді қосымшалар.

17 шілдеде карантинге байланысты кірісінен айырылғандарға берілетін ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау басталады.

Тағы оқыңыз: Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Өтініштерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі порталдарға салмақ салмау үшін азаматтардан 42 500 теңгеге бірнеше рет өтініш бермеуді сұраған еді.

Министрлік мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақыны кімдер алмайтынын да нақтылады.

Кейбір қазақстандықтарға 42 500 теңге проактивті түрде, яғни өтінішсіз тағайындалады.

Жаңалықтар
0