Қоғам

Аза тұту күні: Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады

© REUTERS / Stas FilippovМечеть Хазрет-Султан
Мечеть Хазрет-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құран Хатым дұғасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы қосылуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. 13 шілдеде республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалады.

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні. Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық, облыстық мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда.

"13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады", - деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Бас мүфтидің қатысуымен "Әзірет Сұлтан" мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасы мен YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға болады.

Тағы оқыңыз: Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды

ҚМДБ барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырды.

Ұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған байланысты бүгін елде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадио хабарларын тарату желісі өзгертілді. 

COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтарды еске алу үшін сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланады. 

Жаңалықтар
0