Қоғам

Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев мемлекет қолдауыне ие болған кәсіпорындар жұмыс орындары мен жалақының сақталуына ден қою қажеттігін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық жағдай қиындап кеткен кезеңде қосымша қолдау шараларын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет пен ұлттық банкке қазіргі ахуал нашарлаған жағдайда халық пен экономика салаларын қолдаудың қосымша шараларын пысықтауды тапсырамын. Ал мемлекеттік қолдаудан максималды нәтиже шығуы тиіс", – деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Президенттің айтуынша, бизнес те өз міндеттемелерін орындауы қажет. Атап айтқанда, жұмыс орындары мен жалақыны сақтауы тиіс. Осыны үкімет пен "Атамекен" палатасы бақылайды.

"Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын тоқтатпау қажет. Инвесторлар тұрақтылықты қалайды. Ақшаны салатын жаңа салаларды іздейді. Сондықтан еліміздің мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан пандемиямен күресуге 150 миллиард теңге бөледі

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы кезінде жаңа салалардың пайда болғанын да еске алды. Енді, ол тауарлармен ішкі нарықты толтырып қана қоймай, экспортқа да тездетіп шығару қажет.

Жаңалықтар
0