НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде экологияға қатысты жаңа пән енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бізге мектептерде балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу қажет", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент экология проблемалары елде тиісті деңгейде шешілмей жатқанын айтты.
Жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 15%-і ғана өңделеді.
"Бұл жеткіліксіз", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Қоқыс өртеп энергия өндіру қолға алынады – мәжіліс заң жобасын сенатқа жіберді
Тоқаев біржолғы рейдтер, айыппұл, экологиялық айлықтар айтарлықтай нәтиже бермей отырғанын жеткізді.
Бұл мәселені шешу үшін экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет, деп санайды президент.