Қоғам

Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады, деді мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық министрлігінің бұрынғы басшылығы жіберген қателіктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамы қате болды", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, коронавируспен күрес тәсілдері де үнемі өзгеріп отырады.

"Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне, осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, коронавируспен күрес шаралары экс-министр Елжан Біртановтың тұсында басталды. Бертін келе, ол COVID-19 инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түсті. Одан кейін өз еркімен жұмыстан кетті. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Жаңалықтар
0