Қоғам

Нұр-Сұлтанда медициналық академия түлектері дәрігерлерге көмектеседі 

© REUTERS / ALAA AL-MARJANIМедики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом
Медики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада қазір 3 500 дәрігер бар, сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр, бірақ бұл жеткіліксіз

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов маман тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бізде 3 500 дәрігер бар. Сонымен бірге, 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр. Әрине, бүгінде дәрігерлерге үлке салмақ түсуде. Осыған байланысты біз денсаулық сақтау министрлігімен арнайы жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес, оқу орындарының түлектері көмекке тартылатын болады", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, биыл астанада медициналық колледждерді 270 студент тәмамдады. Барлығы дипломын алып, арнайы дайындықтан өтті. Бүгінде жас мамандар дәрігерлерге көмектесуге кірісіп кетті.

"Сонымен бірге, осы 15 шілдеден бастап медициналық академияның түлектерін де жұмысқа жұмылдыратын боламыз. Оған сәйкес жоспарымыз бар, тиісті көмегін көрсетеміз", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қаладағы стационарлық орындардың басым бөлігі бос емес. Ал эпидемиологиялық жағдай нашарласа, жатақханаларда қосымша орындар ашылады.

"Қазіргі кезде қаладағы стационарларда 3 700 орын бар. Бірақ 80 проценті толып тұр. Егер эпидемиологиялық жағдай қиындап кетсе, жоғары оқу орындарының жатақханаларында қосымша 1 000 орын жасақталады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Жаңалықтар
0