Қоғам

"Қоңыраулар саны азайды" – Алтай Көлгінов карантиннің пайдасы туралы

© Photo : Акимат Нур-СултанаАким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы
Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан әкімінің айтуынша, 22-28 маусым аралығында жедел жәрдемге хабарласқандар өте көп болған

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "карантиндік демалыстар" мен соңғы шектеу шараларының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің айтуынша, карантиндік шектеулерді енгізгеннен кейін медициналық жедел жәрдемге хабарласатын адамдардың саны азайды.

"Мысалы, біз демалыс күндері карантинді екі рет енгізген болатынбыз. Ал соңғы карантиннің басталғанына үш күн болды. Бүгінде біз жедел медициналық жәрдем станциясына түсетін қоңыраулардың азайғанын байқап отырмыз. Мысалы, бұған дейін күніне 3 мың өтініш түссе, бүгінде бұл көрсеткіш 2 мыңнан сәл асады", – деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, 22-28 маусым аралығында жедел жәрдемге хабарласқандар өте көп болды. Бір күннің ішінде 4 мыңға жуық өтініш түсетін. Ал дәрігерлерді үйге шақыратындардың саны 3 мың адамнан асқан.

Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап карантин күшейтілді: қазақстандықтар нені білуі тиіс

Жаңалықтар
0