Қоғам

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 50 мыңға жуықтады

© REUTERS / AMANDA PEROBELLIМедики в масках машины скорой помощи
Медики в масках  машины скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 30 маусым – 6 шілде аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам қайтыс болды. Індет басталғалы 264 адам Covid-19-дан көз жұмды

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанда 6 шілдеде 1 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл жайында ҚР үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

"6 шілдеде 1 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде ауру белгілері бар 460 адам және ауру белгілері жоқ 649 науқас бар", - делінген ақпаратта.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 683 адамға жетті:
Алматы қаласында- 6358(+157),

Нұр-Сұлтан қаласында -5984(+95),

Атырау облысында - 5892 (+101),

Қарағанды облысында - 5336 (+93),

Шымкент қаласында - 3594(+39),

Батыс Қазақстан облысында - 3423 (+128),

Алматы облысында - 2691 (+51),

Шығыс Қазақстан облысында - 2178 (+62),

Түркістан облысында - 2041 (+52),

Ақтөбе облысында - 1828 (+86),

Жамбыл облысында - 1789 (+59),

Маңғыстау облысында - 1590 (+13),

Ақмола облысында - 1484 (+32),

Павлодар облысында - 1460 (+52),

Қызылорда облысында -1456 (+7),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1418 (+19),

Қостанай облысында - 1161 (+63).

Айта кетейік, Қазақстанда 30 маусым – 6 шілде аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам қайтыс болды. Індет басталғалы 264 адам Covid-19-дан көз жұмды,  16 183 адам жазылып шықты.

Жаңалықтар
0