АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанда 6 шілдеде 1 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл жайында ҚР үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
"6 шілдеде 1 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде ауру белгілері бар 460 адам және ауру белгілері жоқ 649 науқас бар", - делінген ақпаратта.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 683 адамға жетті:
Алматы қаласында- 6358(+157),
Нұр-Сұлтан қаласында -5984(+95),
Атырау облысында - 5892 (+101),
Қарағанды облысында - 5336 (+93),
Шымкент қаласында - 3594(+39),
Батыс Қазақстан облысында - 3423 (+128),
Алматы облысында - 2691 (+51),
Шығыс Қазақстан облысында - 2178 (+62),
Түркістан облысында - 2041 (+52),
Ақтөбе облысында - 1828 (+86),
Жамбыл облысында - 1789 (+59),
Маңғыстау облысында - 1590 (+13),
Ақмола облысында - 1484 (+32),
Павлодар облысында - 1460 (+52),
Қызылорда облысында -1456 (+7),
Солтүстік Қазақстан облысында - 1418 (+19),
Қостанай облысында - 1161 (+63).
Айта кетейік, Қазақстанда 30 маусым – 6 шілде аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам қайтыс болды. Індет басталғалы 264 адам Covid-19-дан көз жұмды, 16 183 адам жазылып шықты.