Қоғам

Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер қай өңірлерге жіберілетіні айтылды

© Photo : МИД КазахстанаРоссийские врачи прибыли в Казахстан
Российские врачи прибыли в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6 шілдеде арнайы рейспен Мәскеуден Нұр-Сұлтанға бір топ ресейлік дәрігер келді. Олар қазақстандық әріптестеріне Covid-19 инфекциясымен күресуге көмектеседі

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанға келген Ресей дәрігерлері жұмысын Нұр-Сұлтан қаласынан бастайды. Кейін коронавирус пандемиясына байланысты күрделі жағдайға тап болған аймақтарға жіберіледі, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

"Ресейлік медицина қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының медицина ұйымдарына бөлінетін болады, сонымен қатар мамандарға аса мұқтаж аймақтарға жіберіледі", - деді ол.

Қазақстанға Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гридневтің басшылығымен 32 жетекші маман келді. Олардың қатарында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар бар.

"Қазақстан және Ресей дәрігерлері арасында өзара тәжірибе мен білім алмасуда қалыптасқан дәстүр бар. Қазір әлем бойынша ғалымдар мен дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа әдістерімен белсенді түрде алмасып жатыр. Әріптестеріміздің Қазақстанға келгеніне қуаныштымыз", - деді Шоранов ресейлік әріптестермен кездесуде.

Сонымен қатар ол медициналық қоғамдастықтың тығыз ынтымақтастығы мен екі елдің басшылығының келісімінің арқасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туып отырғанын атап өтті.

 

Жаңалықтар
0