НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Алматы әуежайына Қытай үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
"Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйе, 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр, 30 мың қорғаныш костюмі мен 600 мың маска кірді", -делінген министрліктің ресми сайтында.
Қорғаныш құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдарға таратылады.
Тағы оқыңыз: Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытай үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында жөнелткен гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдірді.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 45719 адамға жетті. 15 404 науқас дертінен айығып шықты, 188 адам қайтыс болды.