Қоғам

Вице-министр коронавирус жұқтырған қазақстандық шенеуніктер қалай емделетінін айтты

© REUTERS / ALAA AL-MARJANIМедики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом
Медики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, шенеуніктерді ауруханаға жатқызудың ерекше тәртібі жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Індетке шалдыққан қазақстандық шенеуніктерді емдеудің ерекше тәртібі жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шенеуніктерді ауруханаға жатқызудың ерекше тәртібі жоқ. Барлық саяси және әкімшілік, мемлекеттік қызметкерлер инфекциялық стационарларда жағдайының ауырлығына қарай ем алады. Жағдайы жеңіл және орташа болса, үйде емделеді", - деді Гиният онлайн брифингте.

Ол ведомстволық ауруханалар вирус жұқтырғандарды емдемейтінін атап өтті. Өйткені олардың бұған лицензиясы жоқ.

Билікте кім вирус жұқтырды

Осыдан екі апта бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Елбасы өзін оқшаулап, қашықтан жұмыс істеді.

2 шілде күні Назарбаевтың коронавирустан емделіп шыққаны хабарланды. Соңғы тест теріс нәтиже көрсеткен.

Бұдан бөлек, індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Оқи отырыңыз: Аудан тұрғындары мен шенеуніктер төбелесіп кетті – видео

Бүгінде олардың дені қашықтан жұмыс істеп жатыр, кейбірі емделіп шықты.

Жаңалықтар
0