Қоғам

Карантин ұзартылса, Құрбан айт қалай өтеді?

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть "Хазрет Султан" на карантине во время Священного месяца Рамазан
Мечеть Хазрет Султан на карантине во время Священного месяца Рамазан  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Наиб мүфтидің айтуынша, егер карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды және құрбандықты қашықтан шалуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды.

"Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз", - деді Оңғаров бүгінгі онлайн брифингте.

Алайда Құрбан айттың тағы бір ерекшелігі – құрбандық шалу. Наиб мүфтидің сөзіне қарағанда, құрбандық малын қашықтан да шалуға болады.

"Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Біз осыған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, ол жерде әкімдіктің тарапынан да реттеу жұмыстары болады. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады", - деп атап көрсетті Оңғаров.

Оқи отырыңыз: Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді

Осы орайда наиб мүфти құрбандық шалу тек жағдайы бар адамға ғана міндет екенін еске салды.

Жаңалықтар
0