14:50 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2140)
540 0 0

Ералы Тоғжанов елдегі күрделі ахуалдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметінің басшысы Ералы Тоғжанов карантинге қарамастан тығылып той өткізіп, бетперде кимейтіндер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өтті. 

"Әлем бойынша бұл індетті он миллионнан астам адам жұқтырып, бес жүз мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мәселен, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулада той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқалары толып жатыр. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Осындай әр шараның соңында кемінде жиырмадан астам адамның ауруханаға түсіп, көз жұмып жатқаны мәлім", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында. 

Вице-премьер елдегі күрделі ахуалдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

"Мемлекет қабылдаған шаралардың басты мақсаты сөзсіз, ең алдымен, адам өмірін сақтауға бағытталған", - деді ол. 

Айта кетсек, Қазақстанда 5 шілдеден бастап жаңа карантиндік шаралар күшіне енеді. 
Карантин екі аптадан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2140)

Тақырып бойынша

Динара Сәтжан желіде суыт хабар жеткізді
Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді
Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Қазақстанда қалааралық автобустар қайта тоқтайды
Кілт сөздер:
коронавирус, той, карантин
Загрузка...

Басты тақырып