Қоғам

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кино көрсетілімі өтеді

© Photo : Акимат Нур-СултанаКинотеатр на свежем воздухе
Кинотеатр на свежем воздухе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала күніне орай тұрғындар ашық аспан аясында қазақ киносының үздік туындыларын тегін тамашалайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Астана күнінде тұрғындар отандық және әлемдік кинематографияның үздік туындыларын тамашалай алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қала қонақтары кинотуындыларды 1-7 шілде аралығында күнде 21.00-де тегін тамашалайды.

"Қазіргі уақытта барлық кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылды. Осы жағдайды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Enterprise кинокомпаниясының қолдауымен 1-7 шілде аралығында Nur-Sultan autocinema festival жоспарланды. Авто-кинотеатр "Астана Арена" cтадионының аумағында Қабанбай батыр даңғылы бойында ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

Көрермендер өз көліктерінде отырып-ақ, "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа", "Біздің аяулы дәрігер", "Алпамыс мектепке барады", "Путь Лидера" киноэпопеясы, "Ақсақ құлан», сондай-ақ шетелдік "Джон Уик", "Приключения Питера Пэна", "Астерик и Обеликс" сияқты фильмдерді тамашалай алады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын естен шығармауды ескертеді. Яғни, міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, санитайзерлер қолдану керек.

Оқи отырыңыз: Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

Айта кетейік, көрсетілімде ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін де арнайы мүмкіндіктер қарастырылады.

Жаңалықтар
0