Қоғам

Қазақстанда "Цифрлық білім" бағдарламасы іске қосылады

© Sputnik / Владислав Воднев1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева, архивное фото
1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін кемінде 87 процентке жеткізу үшін бірыңғай жұмыс алгоритмі әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанда цифрлық дағдыларды оқыту және ІТ мамандар даярлау бойынша "Цифрлық білім" жаңа бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы премьер министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин жылдан жылға цифрлық біліктілікке қажеттілік артып келе жатқанын атап өтті. Технологиялық жаңғырту, цифрлық алаңдардың мүмкіндіктері, жасанды интеллект, өндірісті автоматтандыру кадр даярлауды өзгерту мен адами капиталды дамытуды талап етеді.

"Қазақстанның оқу орындарында жыл сайын 50 мыңнан аса ІТ маман оқытылады. ІТ мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын көбеюде. Цифрлық дағдыларды оқыту және ІТ мамандар даярлау бойынша бағдарлама – "Цифрлық білім" жаңа жобасы іске қосылады", - деді үкімет басшысы.

Ол цифрлық экономика біртіндеп еңбек саласын өзгертетінін айтты. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, бұл сала физикалық міндеттермен айналысатын адамдардың 80 процентін, ал деректерді өңдеумен айналысатындардың 70 процентін алмастырады.

"Сондықтан IT мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген адамдардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауаттылығын арттыру да маңызды. Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда, жұмыс жасап, электрондық қызметтерді ала білуі қажет", - деді Мамин.

Қандай міндеттер нақтыланды?

Осыған байланысты ол үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма берді:

  • білім, цифрлық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, "Цифрлық білім" жаңа жобасының ауқымды іске асуын қамтамасыз етуі тиіс;
  • цифрлық дағдыларды оқыту, IT кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар әзірлеу;
  • озық оқу орындарының IT мамандарды даярлау тәжірибесін өңірлік университеттер мен колледжерде тарату;
  • "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмысын жандандыру.

Сонымен қатар, премьер цифрлық даму министрлігіне "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының іс-шаралар кешенін жаңартуды тапсырды.

"Байланыс операторларымен бірлесіп, отандық білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізу мәселесін пысықтасын. 2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін кемінде 87 процентке жеткізу және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет", - деді Мамин.

Оқи отырыңыз: Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

Бұдан бөлек, әкімдіктер заманауи компьютерлік жабдықтар мен робототехника кабинеттерін, мектептерге арналған STEM - жаңа ғылыми-техникалық оқыту әдіснамасын қосымша сатып алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңалықтар
0