Қоғам

Назарбаев жиенінің үйіне қатысты іс: британиялық ведомство 1,5 млн фунт төлейді

© Sputnik / Абзал КалиевСуд, дело. Архивное фото
Суд, дело. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбританияның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) 500 мың фунт көлеміндегі алғашқы төлемді 8 шілдеге дейін өтеуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Аппеляциялық сотта Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке қарсы істе жеңілгенҰлыбританияның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) 1,5 млн фунт көлеміндегі сот шығындарын өтейді. Бұл туралы  Әлиевтердің Лондондағы отбасына сілтеме жасап РИА Новости агенттігі хабарлады.

Агенттіктің ақпарат көзінің айтуынша, процесс аясында сот осындай шешім қабылдаған. 

"NCA 8 шілдеге дейін 500 мың фунт стерлинг төлеуі тиіс", - деді ол. Жалпы сома - 1,5 млн фунт стерлинг. 

Айта кетейік, NCA Нұрәлі Әлиевтен Лондонның  Хэмпстед элиталық ауданындағы үйді сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды екенін дәлелдеуді талап еткен болатын. Жер асты бассейні мен кинотеатры бар үйдің құны – 80 миллион фунт стерлинг, бұл шамамен 140 миллион доллар.

Айыптаушы тараптың пайымдауынша, үй сатып алынған қаражаттың Нұрәлінің әкесі Рахат Әлиевке қатысы бар. Рахат Әлиев қазақстандық банктің екі топ-менеджерін өлтірді деген айып тағылғаннан кейін 2015 жылы Австрия түрмесінде асылып қалған еді.

 

Жаңалықтар
0