Қоғам

"Бұл фестиваль мен форум өткізу емес": президент қазіргі жағдайды соғысқа теңеді 

© Sputnik / Тимур БатыршинМногие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее
Многие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша қойған міндеттерінің толығымен орындалмағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы күресті соғысқа теңеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша менің қойған мақсат-міндеттерім орындалған жоқ немесе толығымен орындалмады. Мен бұған дейін айтқанмын, негізі, біз соғыста жүрміз, ол жерде мүлдем басқа тәртіп, басқа ережелер. Бұл фестиваль мен форумды өткізу емес. Басқарудың мүлдем басқаша стилі керек. Шын мәнінде, дағдарысқа қарсы шаралар болуы шарт", - деді Тоқаев бүгін коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, пандемия кезінде елдегі цифрландырудың кемшіліктері анықталды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласы да бар.

"Жағдайдың мониторингі әлі күнге дейін қолма-қол режимде жүргізіледі", - деді президент.

Айта кетейік, осы отырыста президент жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және премьер министрдің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ескерту алды.

Сондай-ақ, президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті.

Тоқаев бұл мәселе барлық облыс басшыларына қатысты екенін айтты.

Жаңалықтар
0