Қоғам

Министрліктің індетке қарсы әрекетін сынға алған депутат ұсыныс білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникацийДепутат мажилиса парламента РК Ирина Смирнова
Депутат мажилиса парламента РК Ирина Смирнова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәселенің бәрін азаматтардың өздері шешуіне тура келетінін айтқан депутаттың өзі зертханада ерікті болып жұмыс істеуге дайын екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрлігінің пандемияға қарсы күресу әрекетін қатаң сынға алды. Өйткені, жаңа кезеңде індетке шалдыққандар саны күрт өскен.

"Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері аталған салада көп жағдайда өз қолдарымен жасаған мәселелерден өздерін шеттетті. Бұл қомақты бюджет қаражатымен де байланысты. Ешқандай да тегін емдеу мен қолдау көрсету жоқ. Мәселенің барлығын азаматтардың өздері шешуі тиіс", - деп жазды депутат өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол жеке клиникалардағы азаматтарды емдеу ісіне қазіргі кезде демалыста жүрген биология немесе химия пәні мұғалімдерінің не себепті қатыстырылмай жатқанын түсіне алмайтынын айтады. Сол сияқты аграрлық сала мен химиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларын да бұл іске неге қатыстырмасқа дейді ол.

"Мен өзім биология пәнінің мұғалімімін. Бәлкім, бұл да пайдалы болуы мүмкін. Қажет деп тапса зертханашы тек анализбен ғана айналысуы үшін мен ерікті ретінде көмектесуге дайынмын", - деді ол.

Оның пікірінше, медициналық институттардағы университеттік клиникаларды бұл іске жұмылдыру қажет.

Осылай деген депутат денсаулық сақтау министрлігін жағдайды еңсере алмай отырғанын мойындап, "індетпен күресуде белсенді жұмыс жүргізуге" шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавируспен күрес аясында жаңа әскери бөлімше құрылды

Жаңалықтар
0