Қоғам

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтік қаулының жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды, ол 13 шілдеге дейін ашық талқылауға ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік даталардың қатары Абай күнімен толықтырылған қаулының жобасын жариялады.

Абай күнін ақынның туған күні – 10 тамызда атап өту ұсынылып отыр. Қаулының жобасы 13 шілдеге дейін талқыланады. Жобаны мына жерден көруге болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

Жоба "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" туралың заңның 4-бабына сәйкес әзірленген.

Абайдың 175-жылдығы

Биылғы жылы Қазақстанда қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы аталып өтіп жатыр. Елде және басқа да мемлекеттерде ауқымды акциялар мен іс-шаралар өткізілуде. Ақынның мерейтойын тойлауға республикалық бюджеттен 2,36 миллиард теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз: Ленинді Абай алмастырды: Қарағандыда он көшенің атауы өзгереді

 

Жаңалықтар
0