Қоғам

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі ауысты

© Photo : пресс-служба СЦКВице-министр здравоохранения Казахстана Лязат Актаева
Вице-министр здравоохранения Казахстана Лязат Актаева  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отставкаға кеткен Лязат Ақтаеваның орнына үкімет қаулысымен Ажар Гиният тағайындалғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 26 маусым — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Вице-министр Лязат Ақтаеваның орнына үкімет қаулысымен Ажар Гиният тағайындалды. Ол юбұған дейін Президент іс басқармасы медициналық орталығы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Үкімет сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Лязат Ақтаева қызметтен кету туралы өтінішті өзі берген.

Ажар Гиният еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласындағы №2 қалалық ауруханасында учаскелік педиатр ретінде бастаған. 1994-1999 жылдар аралығында Ақтау қаласы №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Үш жыл бойы Маңғыстау облысы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.

Кеше, 25 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отставкаға кеткен болатын. Премьер-министр ведомствоның жаңа басшысы Алексей Цойды таныстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары қызметіне Марат Шоранов тағайындалды.

Жаңалықтар
0