Қоғам

Президент ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін ол мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Тиісті құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Данияр Вагапов Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

Данияр Вагапов туралы не білеміз?

Данияр Вагапов 1977 жылы 6 маусымда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінің заңгер мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Әр жылдары қаржы министрлігінде және көлік министрлігінде құқықтық сараптама департаментінің маманы болды.

Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, 2002-2003 жылдары - премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің азаматтық және экономикалық заңнама секторының меңгерушісі. Коммерциялық ұйымдарда тәжірибесі бар.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігі басшысының орынбасары. 2008 жылдан бастап 2013 жылғы қыркүйекке дейін – "Нұр Отан" ХДП-ның заң бөлімінің бастығы, орталық аппараты басшысының орынбасары.

2014 жылдың тамызынан 2018 жылғы мамырға дейін - Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2018 жылдың мамырында мемлекет басшысының өкімімен ол президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, бүгінде ұлттық банкті Ерболат Досаев басқарады. Оның төрт орынбасары бар – Есжан Біртанов, Ақылжан Баймағамбетов, Дина Галиева және Алия Молдабекова.

Жаңалықтар
0