Қоғам

Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы, голосование, иллюстративное фото
Выборы, голосование, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студенттің қолында оқу орнының растайтын құжаты, шақыруы және осы мақсатпен сол елге кіруге ресми рұқсаты болса шекарадан шектеусіз өте алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі карантин кезінде шекарадан өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары, полковник Ғани Ағаділовтың айтуынша, төтенше жағдай тоқтатылса да, мемлекеттік шекарадан өтуге қатысты уақытша шектеулер алынған жоқ. Себебі карантин жалғасып жатыр.

"Қазіргі тәртіп бойынша Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген. Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне және басқа тұлғаларға тарамайды", - деді Ағаділов бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда департамент бастығының орынбасары оқуға түскен жастарды шекарадан өткізу мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, шетелдің жоғары оқу орнына түсуге үміткер қазақстандықтарда тиісті құжаттар болуы қажет.

"Сол оқу орындарының растайтын құжаттары, шақыру және осы мақсатпен сол елдерге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда шекарадан шектеусіз өте алады. Егер осы азаматтар кәмелеттік жасқа толмаған болса, ата-аналарының еріп жүруіне рұқсат берілген. Сонымен қатар, емтихан тапсырғанға, студенттік визаларды ұзартуға ешқандай шектеу жоқ", - деп атап көрсетті Ағаділов.

Қазіргі кезде өткізу пункттерінде жолаушылар легі азайды. Дегенмен, тәртіп бұзушылықтар да жоқ емес. 

Оқи отырыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

"Шекараны жалған құжатпен өтуге, тауар-материалдық құндылықтарды бақылаудан жасыруға, тыйым салынған және шектеулер қойылған азық-түлік санатын өткізуге, қорғаныш құралдары және медициналық бұйымдарды заңсыз шығару фактілері анықталуда", - дейді Ағаділов.

Жаңалықтар
0