Қоғам

Министрлік Біртановтың денсаулығына қатысты ақпарат жариялады

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуВрач в поликлинике, архивное фото
Врач в поликлинике, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір экс-басшы астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр. Бейсенбі күні ол министр қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі экс-басшы Елжан Біртановтың денсаулығына қатысты ақпарат берді.

"Қазір экс-басшы астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр. Оған "пневмония" диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты. "COVID-19 коронавирус инфекциясын" емдеудің клиникалық хаттамасы бойынша стационарда ем алып, сауықтырудан өтуде", - делінген хабарламада.

Экс-министр астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылған болатын. Ведомствоны енді бұған дейін министр міндетін уақытша атқарған Алексей Цой басқарады.

14 маусымда экс-министр Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оған дейін ол үкімет басшысымен бірге Жамбыл облысына барған. Біртановтың диагнозы расталғаннан кейін Асқар Мамин және бірнеше министр оқшауланып, тест тапсырды. Коронавирус табылған жоқ. Қазір барлығы қайтадан жұмысқа кірісті.

Жаңалықтар
0