19:02 05 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.45
  • EUR504.64
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8117 0 0

Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшысы Елжан Біртанов қазір астанадағы ауруханада коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мәжіліс денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын келісті, деп хабарлайды төменгі палата сайты.

"Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады", - деді мәжілістің баспасөз қызметінен.

Бұл мәселе "Қазақстан Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Жуырда Алексей Цой денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Оған денсаулық сақтау министрі қызметін уақытша атқару міндеті жүктелген еді.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшысы Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды, екі аптаға жуық уақыттан бері астанадағы ауруханада коронавирустан емделіп жатыр. 

Алексей Цой туралы не білеміз

Алексей Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілік докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, "Еуроазиаттық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті іс басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. 

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының медициналық орталығын басқарды.

Загрузка...

Басты тақырып