Қоғам

Карантинге қарсы алматылықтар сотқа шағым түсірді - оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүзге жуық алматылық қаланың бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды ұзартуына қатысты сотқа шағым түсірді

АЛМАТЫ, 25 маусым — Sputnik. Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына наразы тұрғындар сотқа жүгінді. Сот шағымды тұрғындарға қайтарды. Жандарбек Бекшин карантиндік шараларды ұзарту керектігін бекіткен болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов ұжымдық шағым жазудың бастамашысы болған. Ол Алматының Медеу ауданының сотының шағымды қайтаруға заңды негіз болмағанын айтып отыр.

"Бүгін Медеу соты Алматыдағы карантиннің заңсыз екені туралы шағымымызды қайтарды. Олар алдымен Денсаулық министрлігіне шағым түсіру керек екенін айтып отыр. Ал заңда бұл қарастырылмаған. Миллиондаған адамдар мемлекеттік органдарға емес, бірден сотқа жүгінеді", - деді ол Facebook парақшасында.

Алматы қалалық соты өтінішті қараудан бас тартқанын растады. 

"Шағым қайтарылды. Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмаған", - деді Sputnik Қазақстанға қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар
0