Қоғам

Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

© AFP 2024 / AIZAR RALDESМедик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки
Медик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде амбулаториялық көмек емханада жүргізілуде және бұл мекемелер дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген

АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"№2 қалалық көпсалалы аурухананың базасында қосымша гематология, токсикология, нефрология бөлімшелері ашылды. Жарақат және күйік кезінде медициналық көмек травматологиялық және ортопедиялық ғылыми зерттеу институтында ұсынылады", - деді Қисықова.

Қала халқына онкологиялық көмек көпсалалы медициналық орталық базасында көрсетіледі. Амбулаториялық көмек бір ауысымда 380 келушіні қабылдай алатын емханада жүргізілуде және бұл мекемелер дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

"Стационарлық көмек 315 төсек-орында, паллиативті көмек 30 төсек-орындық стационарда көрсетіледі. Ал жүкті әйелдер медициналық көмекті 360 төсек бар екі перинаталды орталықта ала алады", - деді Қисықова.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда науқастар саны үш есеге өсті – Сәуле Қисықова

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы бар әйелдерге №2 перинаталды медициналық орталықта қызмет көрсетіледі. Ал балалар ауруханасы бұрынғы режимде толық жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0