Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласының соты карантинге жабылды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание городского суда. Виды Нур-Султана
Здание городского суда. Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда судьялары коронавирус жұқтыруына байланысты сот ғимаратына уақытша карантин енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасының сот ғимаратына карантин енгізілді, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

" Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен мамандарында Сovid-19 вирусы анықталуына байланысты елордалық соттарда 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантин енгізілді", - делінген хабарламада.

Сот істерін онлайн қарау қызметі де кейінгі қалдырылды.

Хабарламада осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар ғана қаралатыны айтылған.

Сот қызметі өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай шаралар азаматтардың денсаулығын сақтау үшін қабылданған мәжбүрлі әрекет болып табылады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте қоғамдық резонанс туғызған іске байланысты сот басталды

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда тоғыз судьяда коронавирус анықталғандығы хабарланған болатын. Содан кейін Алматы облыстық сотының ғимаратына екі рет санитарлық өңдеу жүргізіліп, сот істері кейінге қалдырылды.

Жаңалықтар
0