06:02 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Депутаттардың пікірінше, жыл сайын елімізде 5 миллион тонна қалдық жиналады. Ал оның 15 проценті ғана өңделеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Мәжіліс тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын алуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Депутат Шавхат Өтемісовтің айтуынша, құжат қоқысты энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында әзірленді.

"Заң жобасы тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экологиялық және экономикалық оң нәтиже алуға ықпал етеді", - деді мәжілісмен.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында құқықтық олқылықтар мен құқық қолдануда туындайтын қайшылықтарды болдырмауға, сондай-ақ, нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды заң техникасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қабылданған.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдап, сенаттың қарауына жолдады.

Бұған дейін мәжілісмен Құралай Қаракен жыл сайын елімізде 5 миллион тонна қалдық жиналатынын мәлімдеген еді. Оның тек 15 проценті ғана өңделеді.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында ауыл тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан уланып жатыр

Депутаттардың пікірінше, қоқыс өртейтін кешендер салу арқылы республикадағы полигондардың санын азайтуға болады.

Тақырып бойынша

Тоқаев қоқыс полигондарын тәртіпке келтіруді талап етті
Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты - фото
Еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлаған: Алматыда 14 жасар қыз қоқыс маңынан табылды
Қостанайда қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды
Алматыда жас жігіт қоқыс шығаратын көлікпен жасырын қаладан шықпақ болды
Кілт сөздер:
электр энергиясы, қоқыс
Загрузка...

Басты тақырып