17:40 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Үкімет басшысы тұтынушылардың осы жылдың 1 наурызына дейін жиналған коммуналдық қызметтерге дебиторлық берешегін азайту шараларын қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалуды, көмір мен отынның негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы өткен жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтіп, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюы керек", - деді премьер-министр үкімет отырысында.  

Мамин жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі, әсіресе, денсаулық, әлеуметтік сала нысандары мен үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай аяқталуы тиіс.

"Халықты көмірмен, жылыту орталықтары мен қазандықтарды отынмен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отын, әсіресе, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдаңыздар", - деді ол.

Сонымен қатар, әкімдіктерге тұтынушылардың осы жылдың 1 наурызына дейін жиналған коммуналдық қызметтерге дебиторлық берешегін азайту шараларын қабылдауды тапсырды.

Айтуынша, автономды жылыту жүйелері үйлер мен қоғамдық үй-жайлардан тыс жерге шығарылуы тиіс. Иесіз электр желілерін анықтап, балансқа алуды, сондай-ақ коммуналдық желілерді энергия беруші ұйымдардың балансына беруді жалғастыру керек.

Оқи отырыңыз: "Тоннасы 20 мың". Баталов көмір бағасын қалай реттеп жатқанын айтты

Мамин энергетика және индустрия министрліктеріне алдағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау міндетін жүктеді.

Тақырып бойынша

Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Оңтүстік Қазақстанда көмір тасушыларға бағаны келісіп сатты деген айып тағылды
Ақмола облысында көмір алуға барған зейнеткер қаза тапты
Елімізде көмір қанша тұрады
Министр облыстарда көмір қанша теңгеге арзандайтынын айтты
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, көмір
Загрузка...

Басты тақырып