01:04 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2741)
2636020

Алматыдағы қалалық клиникалық аурухананың дәрігері елдегі коронавируспен байланысты жағдай туралы үрейлі хабарлама таратқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мессенджерде Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері Болат Түсіпхановтың аудиохабарламасы тарай бастады.

"Мен сіздерге үндеу жасағым келеді. Мен дәрігермін, сіздер маған сенеді деп ойлаймын. Бюджетте қазір ақша қалмаған да шығар, бәрі шаршады. Адамдар проблемадан қашып жатыр. Карантинге кетеді, ешкім мәселені шешкісі келмейді", - деп мәлімдеді ер адам.

Айтуынша, ол үнемі байланыста болған екі хирург коронавирус жұқтырған.

"Біреуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатты, әрең дегенде тәуір болды. Екіншісі де жатыр. Бүгін кафедра меңгерушісі де ауырып қалды. Біз бәріміз бірге отырамыз, бірге тұрамыз. Соған қарағанда біз де жұқтырған сияқтымыз", - деді Болат Түсіпханов.

Ер адам Алматының ауруханалары науқастарға лық толы, палаталар мен жансақтау бөлімдерінде орын жоқ екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен түседі: Нұр-Сұлтанда бас дәрігер ауруханадан видео жариялады

"Бұл шындық. Өздеріңді күтіңдер, сақ болыңдар. Қазір ешкім ештеңемен айналысқысы келмейді. (…) Ешкім дәрі бермейді. Бізде қазір хаос. Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, дау-жанжалдан қорқады", - деді хабарлама авторы.

Айтуынша, жағдайы орташа науқастар үйде емделіп жатыр, жедел жәрдем оларды ауруханаға әкелмейді.

Дәрігердің пікірінше, карантинді қайтадан қатаңдатса, адамдар жұмыссыз қалады, "әлеуметтік жарылыс" болуы мүмкін.

"Карантинді жеңілдеткеніне қатысты не айтарымды да білмеймін. Хирургтердің салы суға кетті. Жағдай бақылаудан шықты", - деді Түсіпханов.

Аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді. Ол дәрігер шынымен де Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада істейтінін растады.

Аталған факті бойынша медицина ұйымының ішкі аудит қызметі қызметтік тексеріс жүргізді.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді

"Бұл аудиожазба Болат Түсіпхановтың жақындарына арналған және Жезқазғандағы туысқандарының жабық чатына жолданған. Туыстарының отбасылық мерекеге дайындалып жатқанын естіген ол осылайша оларды әлеуметтік жауапкершілікке, сақтыққа және профилактика шараларын сақтауға үндеген. Болат Түсіпханов жақындарын отбасылық шараны өткізбей, карантин режимін сақтауға шақырды. Дыбыстық хабарламада айтылғандар шындыққа жанаспайды және ағайын-туысты сендіру үшін ғана айтылды", - деді Байзолданова.

Ол хабарламада айтылған екі хирург үй карантинінде екенін атап өтті. Бір дәрігердің қайта тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен, ол жұмысына кіріседі.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2741)
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус, хабарлама
Загрузка...

Басты тақырып