Қоғам

Танымал кәсіпкер коронавирусқа сенбейтіндерге жылап тұрып үндеу жолдады

© Sputnik / Владислав ВодневДепутат маслихата Алматы Кайрат Кудайберген
Депутат маслихата Алматы Кайрат Кудайберген  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкер халыққа көмек беріп жүргенде қанша қорғанса да, коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Кәсіпкер Қайрат Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдап, сақтық шараларын барынша сақтауға шақырды. Бизнесмен үш күннен бері қатты ауырып жатыр. Коронавирустың белгілері айқын байқалып тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада өзіне қарамай жүрген адамдар маған қарасаңыздар болады. Жалпы, қандай ауру екенін білмеймін. Кеше ПЦР-тестті тапсырғанмын, нақты ертең ғана жауабы келеді деп айтты. Температура 38-39,5 арасында болып тұр, өте қиын. Үш күн осындай температура болып жатыр. Сақтаныңыздар! Туған-туысқандарыңызды, жақындарыңызды сақтап жүріңіздер! Бетперде киіңіз, қолғап киіңіз",– деді Құдайберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Кәсіпкер халыққа көмек беріп жүргенде қанша қорғанса да, коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін жеткізді. Содан кейін дене қызуын өлшеп, 39,2 градус екенін көрсетті. Тыныс алуы қиындап кеткен.

"Қанша қорғансам да, осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар, достар! Еліміз осы індеттен тезірек шықсын. Сау болыңыздар!", - деп атап көрсетті Құдайберген.

Оқи отырыңыз: "Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады

Кейін Құдайберген коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

 

Жаңалықтар
0