Қоғам

Елордада 40 жасқа толмаған науқас көз жұмды – дәрігерлер жағдайды түсіндірді

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында өткен тәулікте 6 науқас қайтыс болды. Дәрігерлер коронавируспен күресте адамның жасы емес, дер кезінде жасалған әрекет маңызды екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған адамдар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 38 жастағы ер адам бірнеше күн бойы ауырған. Ауруханаға бармай, үйде жатып, өз бетімен емделген.

"12 маусымда дене қызуы күрт көтеріліп, тыныс алуы қиындаған соң, жедел жәрдеммен стационарға жеткізілген. Жағдайы ауыр болды. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосты. Алайда реанимациялық шаралар оны құқтара алмады", - дейді дәрігерлер.

56 жастағы әйел де өздігімен емделген. Бірнеше күннен кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен. Оны да жасанды тыныс алдыру аппаратына қосты. Қант диабеті мен артериалды гипертензия сырқаты бар науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"68 жастағы тағы бір әйел ауа жетіспей тұрғанын, бойында демікпе мен әлсіздік барын айтып шағымданған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосты. Бірақ реанимациялық шаралар нәтиже бермеді", - деп атап көрсетті мамандар.

Бұдан бөлек, 69 жастағы әйелдің тыныс алуы қиындап, жансақтау бөліміне түскен. Жүрек, қан тамыры қызметінің жетіспеушілігі, эндогенді интоксикациясы болған. Өкпесі қабынып, ол да көз жұмды.

Ал 70 жастағы әйел бір апта бойы ауырған. Демікпе дертімен есепте тұрған ол коронавирус жұқтырғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

82 жастағы әйел әлсіздік пен құрғақ жөтелге шағымданып, ауруханаға жатқызылған. Бірақ дене қызуы 38 градустан түспей, оны жансақтау бөліміне жатқызуға шешім қабылданды. Бірақ науқас қайтыс болды.  

Оқи отырыңыз: Көкшетауда коронавирустан ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан тағы үш науқас қайтыс болды. Оның екеуі 1946 және 1952 жылы туған әйелдер болса, біреуі 1963 жылы дүниеге келген ер азамат.

Жалпы, Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны 100-ден асты.

Жаңалықтар
0