Қоғам

Синоптиктер биыл шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты

© Public DomainМалина
Малина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамы бойынша шілдеде кей күндері ауа температурасы 35-45 градусқа дейін көтерілсе, кейде күн айтарлықтай салқындайды

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайда болып, республиканың барлық аумағында ауа температурасының климаттық нормасы сақталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жауын-шашын мөлшері Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен Қарағанды облысында, Балқаш көлінде, Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында аз түседі", - деген болжам жасады мамандар.

Синоптиктердің болжамы бойынша, шілдеде Атлант, Скандинавия және Кар теңізі маңында суық және ылғалды ауа массасының болуына байланысты республикада қысқа мерзімді суық болып тұрады.

Сонымен қатар республика бойынша жаңбыр жауып, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр.

Ауа температурасы елдің солтүстік жартысында түнде +7...+12°С дейін, күндіз +17+23°С болса, оңтүстік жартысында түнде +13...+18°С, күндіз +25+30°С дейін жетеді.

Кей күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан ыстық тропикалық ауаның ығысуына байланысты оңтүстік аймақтың жартысында ауа температурасы +35...+45°С дейін айтарлықтай көтеріліп, солтүстік жартысында термометр бағаны +30...+38°С көрсетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0